Жұма, 14 Ақпан 2020 10:47

Әдеп жайлы дәріс оқыды

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті активінің бастамасымен Ащылысай ауылындағы орта мектептің оқушыларына сыпайылық, мәдениеттілік және әдептілік сабағы өткізілді.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Бота Дауылбаева балалармен болған кездесуде этика, әдеп, мәдениет және сыпайылық ұғымдарын талқылады. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз өмірлерінен мысалдар келтірді. Әңгіме бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне арналды. Өкінішке қарай, отбасылардың көбі бұған аса мән бермейді. Мектеп баланың мінез-құлқын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Алайда қазір мектептің тәрбиелік рөлі төмендеп барады: мұғалім тәрбие беруге емес, оқытуға міндетті. Бұл сабақтың өткізіліп отырғаны да сондықтан.

«Қазір жас буынға жан-жақты білім берілмейтіні туралы көп айтылады. Мәдениетсіз адамда да, қоғамда да өсу мен даму болмайды. Бір-біріне құрметпен қарау, әдептілік, сыпайылық сақтау мінез-құлықтың негізі және үйлесімді қарым-қатынастың кілті болып табылады. Дөрекілік жанжал тудырады. Сыпайылық, керісінше, дауды өршітпей, мәселені оң шешеді. Сондықтан балаларды, ең алдымен адам болуға және басқаларға құрметпен қарауға үйрету керек», – деді облыстық комитеттің бірінші хатшысы.

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті

Актобе урок этики1Актобе урок этики1Актобе урок этики1Актобе урок этики1

Please publish modules in offcanvas position.