Дүйсенбі, 01 Сәуір 2019 11:11

Гагаринге 85 жыл

Оцените материал
(0 голосов)

Ғарышкерлер күні қарсаңында Қазақстан Коммунистік халық партиясының Алматы қалалық комитетінде «Цикл бесед» бағдарламасы аясында КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, Кеңес Одағының батыры, даңқты тұлға Юрий Алексеевич Гагариннің 85 жылдығына орай кездесу өтті.

Жиынға Алматы қалалық комитетінің белсенділері, ардагерлер мен жастар қатысты. Алматы қалалық комитеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев ғарышкердің өмірбаянына тоқталды. 

«Юрий Гагарин 1934 жылы 9 наурызда Гжат ауданының  Клушино ауылында дүниеге келген. 1961жылы 12 сәуірде Восток-1  ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Саратов облысының Энгельс қаласының маңына қонды. 1962 жылдың 12 сәуірі, Гагариннің ғарышқа ұшқан күні Ғарышкерлер күні деп жарияланды. Қазақстанда бұл күн Ғылым күні деп аталып өтеді. Ғарышқа барып келгеннен кейін Юрий Гагарин дүниежүзі танитын танымал тұлғаға айналды. Ол шетелдіктердің шақыртуымен әлемнің 30-ға жуық елінде болды. Гагарин қоғамдық-саяси жұмыспен шұғылданды. Ол профессор Н.Е. Жуковский атындағы әскери-әуе инженерлік академиясын бітірді. Ғарышкерлерді даярлау орталығында қызмет етті. Өкінішке қарай, 1968 жылы 27 наурызда Юрий Гагарин МиГ-15 ұшағымен  жаттығу жасау  кезінде Владимир облысы, Киржак ауданы, Новоселово ауылының жанында қаза тапты. Авиаапаттың жұмбағы күні бүгінге дейін шешілген жоқ. Біз, коммунистердің бүгінгі буыны, Гагаринді ерекше құрметтейміз», – деді Вячеслав Артемьев.

ҚКХП Алматы қалалық комитеті Жастар қанатының өкілдері кездесуден көп нәрсе түйгендерін және білгендерін атап көрсетіп, Жеңіс күні қарсаңында бірлескен іс-шара өткізуді ұсынды.

Разия АБДЫКАДЫРОВА

Please publish modules in offcanvas position.