Дүйсенбі, 01 Сәуір 2019 15:00

Алматылық коммунистер Наурыз мерекесін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

Наурыз – бес мың жылдық тарихы бар көне әрі маңызды мерекелердің бірі.

Алматылық коммунистер Наурыз мерекесі қарсаңында қалалық комитет белсенділерінің басын қосып, жаңару мерекесімен, жаңа жылдың басымен құттықтап, Наурыз көжеден дәм татқызды.

Кездесу бейресми түрде өтті: ұлттық киім киген партия мүшелері  ән айтып, өлең оқып, бір бірін мерекемен құттықтады.

Іс-шара соңында ҚКХП АҚК Бостандық аудандық комитетінің хатшысы Гүлдана Нұрпейісова қазақтың салтымен кішкентай баланың тұсауын кесіп, тәй-тәй басқан сәбиге ақ жол, денсаулық және амандық тіледі. 

AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15AlmGorkNauriz 15

Please publish modules in offcanvas position.