Дүйсенбі, 29 Сәуір 2019 13:00

ЕҢ БАСТЫСЫ – ЖЕР БЕТІНДЕГІ БЕЙБІТШІЛІК

Оцените материал
(0 голосов)

Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауда арнайы күзет посты ашылды. Бұл арқылы өскелең ұрпақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсетеді. Алматының халық коммунистері 2017 жылдан бері тарихи ескерткішті вандалдардан қорғау үшін мемориалда күзет орнату қажеттілігін айтқан болатын.

Жеңіс күні қарсаңында Алматыда 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта салтанатты түрде №1 пост ашылды. Мәңгілік алау мемориалы мен Ауған соғысында қаза болғандардың ескерктішінде тарихи мұраны вандалдардан қорғап тұратын құрметті әскери қарауыл тұратын болады.

Іс-шараға ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы Абзал Әуелбеков пен ҚКХП АҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев және қалалық комитет белсенділері қатысты.

Қазіргі таңда жас патриоттардан құралған құрметті қарауыл уақытша ұйымдастырылған. Бірақ ҚКХП Алматы қалалық комитеті тарихи нысанның жыл бойы күзетке алынуына қол жеткізбек.

Сонымен қатар осы айда Алматының халық коммунистері 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Фашистік концлагерьлерден тұтқындарды босатудың халықаралық күнінде іс-шараға ҚКХП АҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов, ҚКХП АҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев, ҚКХП АҚК хатшысы Абзал Әуелбеков және фашистік концлагерьлердің бұрынғы жастары кәмелетке толмаған тұтқындары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде БҰҰ ұсынысымен Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА   

Almaty Park 28geroev 2Almaty Park 28geroev 2

Please publish modules in offcanvas position.