Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 13:06

Алматылық коммунистер «Біз мектепке барамыз» атты дәстүрлі акция өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

Жыл сайын дәстүрлі түрде жаңа оқу жылы қарсаңында алматылық коммунистер «Біз мектепке барамыз» акциясын ұйымдастырады.

Биылғы акция ауқымының ұлғайғандығымен ерекшеленді.

Шара шеңберінде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың балаларына мектеп формасы, оқу-құралдары және күнделік табыс етілді.

ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Әлібек Шапенов балаларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады. Өз кезегінде ата-аналар партия өкілдеріне алғыс білдірді.

Жыл бойы коммунистер кәсіпкерлермен, қоғам қайраткерлерімен, еріктілермен кездесу ұйымдастырып, игі істі қолдауға шақырды. Нәтижесінде қалың көпшілік коммунистердің бастамасына үлес қосты. Сәйкесінше акцияның әлеуметтік жауапкершілігі артты.

Алматылық коммунистер «Біз мектепке барамыз» акциясын аудандарда өткізуді жоспарлап отыр.

69302272 1289523101215260 7848932186592903168 n69302272 1289523101215260 7848932186592903168 n69302272 1289523101215260 7848932186592903168 n

Please publish modules in offcanvas position.