Сәрсенбі, 06 Қараша 2019 09:48

Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП облыстық және қалалық комитеттерінің жанындағы қоғамдық қабылдаулар азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету шарасын жалғастыруда. Мұндағы мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтің осал тобына қол ұшын бері.

Алматы қалалық комитеті жанындағы қоғамдық қабылдаудың заңгері Елдос Омаровқа А.Давыденко есімді тұрғын жүгінді. Ол 1947 жылы туған екен. Үйді жекешелендіру мәселесін көтере келіпті. Жұбайы концлагерьдің кәмелетке толмаған тұтқыны болған көрінеді. А.Давыденко қызметтік үйді жекешелендіру үшін жұбайының мәртебесі қандай да бір мүмкіндік бере ме деген сұрақ қойды.

Заңгер жағдайды бағамдай келе, оған бұған дейін пәтер берілгенін және оның жекешелендірілгенін білді. Сондықтан қызметтік үйді жекешелендіруге рұқсат берілмейтінін түсіндірді.

С.Галиева есімді тұрғын автокөлік құралдарына салынатын салық мәселесі бойынша кеңес сұрап келді. Белгілі болғандай, оның күйеуі осыдан 15 жыл бұрын УАЗ маркалы автокөлігін сатқан. Арада қаншама жылдар өткенде оның мекенжайына аталған көліктің салығы төленбегені туралы хабарлама келіп түскен.

Заңгер аталған мәселе бойынша С.Галиеваға түсініктеме берді. Енді ол мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, автокөлік құралын есептен шығаруға өтініш жазуы керек.

Заңгердің сөзінше, мұндай жағдай жиі кездеседі. Адамдар көлік алған кезде оны заңдық тұрғыдан дұрыс рәсімдемейді. Соңында осындай проблемалар шығады. Сондықтан сатылған немесе тарту етілген автокөліктерді міндетті түрде есептен шығарып, шаруаны соңына дейін тындыру керек.

ҚКХП Алматы қалалық комитеті 

AlmJur 2AlmJur 2

Please publish modules in offcanvas position.