Сейсенбі, 25 Желтоқсан 2018 17:29

Алматы облысының коммунистері «Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды» акциясы аясында «Үміт» оңалту орталығында болды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері мен ҚКЖО «Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды» акциясын жалғастырып жатыр. 25 желтоқсан күні коммунистер Көксу ауданының Балпықби ауылындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту орталығында болды.

Обкомның бірінші хатшысы мекеменің басшылығы мен ұжымын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, оларға денсаулық пен сәттілік тіледі. Сонымен қатар бірінші хатшы орталық ұжымын «Халық коммунистері» фракциясының кейбір сауалдарымен таныстырып шықты. Әсіресе мүгедектігі бар балалар мәселелеріне арналған сауалдарға ерекше тоқталып өтті. 

«Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды» акциясы аясында «Үміт» орталығына балалардың мерекелік шыршасына арналған тәттілер салынған сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ акция аясында Алматы облыстық комитетінің кеңсесінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды.

«Шапағат» жобасының демеушісі, кәсіпкер А.Каримова көпбалалы аналарды мерекемен құттықтап, «Қызыл май» компаниясының емдеу мен алдын-алуға арналған өнімдерін  тарту етті. Ал балаларға жаңа жылдық тәттілер үлестірілді. «Алтын алқа» иегерлері Ж.Омарова мен Г.Жолдасханова іс-шара ұйымдастырушыларына  балаларға арналған мереке мен көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.

AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31AlmatyShapagatNewYear 31

Please publish modules in offcanvas position.