ҚКХП Алматы облыстық комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға саяси партиялардың өкілдері, Талдықорған қ. Жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
Пікірталас қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар жасалынды: «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін несие берудің қолжетімді талаптарын қарастыру; жас отбасыларды қолдау мақсатында қолжетімді жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын құру; жас мамандарды даярлау жоспарының жүйесін құру; оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындар арасында жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында ынтымақтастық орнату; тәжірибе алмасу және байланыс орнату мақсатында жастар форумдары мен жазғы лагерьлер өткізу; балалар мен жастар ұйымдарына ақпараттық қолдау көрсету.