Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 12:53

Алматы облысында «Біз мектепке барамыз» атты акция басталды

Оцените материал
(0 голосов)

20 тамызда ҚКХП Алматы облыстық комитетінің кеңсесінде «Біз мектепке барамыз» атты акция басталды.

Аталмыш акция жыл сайын өткізіледі. Биыл Алматы облыстық комитетінің белсенділері 50 отбасын қамқорлығына алды. Оқушыларға мектеп формасы, оқу құралдары және күнделік табыс етілді.

Жыл бойы Алматы облыстық комитетінің коммунистері кәсіпкерлермен, қоғам қайраткерлерімен, еріктілермен кездесу ұйымдастырып, игі істі қолдауға шақырды. Нәтижесінде қалың көпшілік коммунистердің бастамасына үлес қосты.

Акцияға Алматы облыстық Қоғамдық қабылдау кеңесінің мүшесі К.М. Нұрханов қатысты. Ол мұндай акциялар әлеуметтің әлсіз тобы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Алматы облыстық комитетінің коммунистері «Біз мектепке барамыз» акциясын аудандарда жалғастырады.

69404525 2308957509199757 4890722725024235520 o69404525 2308957509199757 4890722725024235520 o

Please publish modules in offcanvas position.