Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 16:48

Коммунистер жастарға басымдық береді

Оцените материал
(0 голосов)

Коммунистер партия қатарын жастармен толықтыруға күш жұмсап жатыр. Осы мақсатта ҚКХП Алматы облыстық комитетінің кеңсесінде актив жиналысы ұйымдастырылып, «Бастауыш партия ұйымдары желісін кеңейту» тақырыбы талқыланды. Басқосу барысында «Көктемгі шақырылым» акциясының қорытындысы жарияланды және бастауыш партия ұйымдарын дамыту мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы С. Биғарова партия мүшелерінің саны емес, сапалық құрамы маңызды екенін тілге тиек етті.

Қазір ҚКХП еңбек ұжымдары арасында белсенді насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Коммунистердің қатарына қосылғысы келетіндердің саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Дегенмен бастауыш партия ұйымдарының даму көрсеткіші көңіл көншітпейді. Себебі еңбек ұжымдарының басшылары ҚКХП-ға сыңар көзқараспен қарайды.

Отырыста танымал терапевт-дәрігер, партияның жаңа мүшесі

Б. Ақниязовқа партиялық билет табысталды. Өз кезегінде ол партия қатарына жастарды тартудың тың тәсілін айтты. Дәрігер партиялық басылым арқылы жастардың санасына коммунистердің идеологиясын сіңіруді ұсынды.

         Басқосуда «Самал» шағын ауданы «Ардагер қоғамының» төрағасы Қаламқас Сәрсембаева  орта білім беру мекемелерінде рухани және моральдық тәрбиені арттыруға бағытталған ұлдар мен қыздарға арналған клуб жұмысын  жаңғырту қажеттігіне назар аудартты. Оның ойынша, мұндай клубтар отбасы институтының негізін қалаудың алғышарты болады.

- Мұндай клубтар ажырасулардың алдын алады. Жалғызбасты аналардың санын азайтады,- деді Қаламқас Сәрсембаева.

Кездесуде аймақтың өзекті мәселелері де талқыланды. ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы С.Биғарова облыстық қоғамдық кеңес мүшесі ретінде көтерілген мәселелердің кеңес отырысында қарастырылуына ықпал етуге уәде берді. 

Жиын соңында облыстық комитеттің жұмына белсене қатысып, өлшеусіз үлес қосып жүрген коммунист А. Жаманқұлов «ҚКХП-15 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

IMG 20190904 WA0049IMG 20190904 WA0049IMG 20190904 WA0049WhatsApp Image 2019 09 04 at 14.36.24

Please publish modules in offcanvas position.