Сейсенбі, 19 Қараша 2019 09:42

КОММУНИСТЕР ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитеті Ескелді, Көксуық, Қаратал аудандарындағы шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Коммунистер ауыл шаруашылығы саласының дамуына кедергі келтіріп отырған проблемаларға назар аударды. Көксу ауданындағы сүт фермасында кадр жетіспеушілігі мәселесі өткір тұр. Ветеринарлар мен агрономдар жетіспейді. Ал Қаратал ауданындағы Қожбан ауылында жайылымдық жер тапшы. Ауылдың инфрақұрылымы нашар дамыған.

Кәсіпкер Қанат Жұлынов туған ауылын қолынан келгенше қолдап отыр. Соның бір дәлелі ауылға бастауыш мектеп салып берген.

Жиында өзекті мәселелер көтерілді. Әсіресе жайылымдардың жетіспеушілігі көпшіліктің наразылығын тудырды. Ауыл ардагері Сейітжан Томтанов соңғы 30 жылда Қожбан ауылында ештеңе өзгермегенін, жол, ауылды жарықтандыру және басқа да мәселелер шешімін таппағанын айтты.

Жиында ауылдық округ басшыларының елдімекендегі проблемаларға атүсті қарайтыны да тілге тиек етілді.

Коммунистер өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласында қалыптасып отырған проблемаларды шешуге бағытталған ұсыныстарды жеткізді. Онда ауыл шаруашылығы саласын төмен пайыздық мөлшерлемемен ұзақмерзімге қаржыландыратын мемлекеттік банк құру, кадр даярлау ісіне басымдық беру, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алуды қолжетімді ету, жайылымдық жерлерді кооперативтер мен шаруа қожалықтарына беру, ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға қаржы қарастыру секілді ұсыныстар айтылды. Бұл ұсыныстардың барлығы шаруашылық өкілдері тарапынан қолдау тапты.

Шара соңында облыстық комитеттің активі ауылдықтарды кәсіби мерекемен құттықтап, «ҚКХП-ға 15 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

AlmSelhoz 8AlmSelhoz 8AlmSelhoz 8AlmSelhoz 8AlmSelhoz 8AlmSelhoz 8AlmSelhoz 8AlmSelhoz 8

Please publish modules in offcanvas position.