Сәрсенбі, 11 Қыркүйек 2019 17:13

Азаматтарға тегін құқықтық кеңес берілді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері «Көмек алу құқығы» акциясы аясында қаланың орталық көшелерін аралап, көпшілікпен кездесті.

Іс барысында коммунистер қала тұрғындары мен қонақтарын облыстық комитеттің қоғамдық қабылдауына шақырды. Бұл жерде түрлі әлеуметтік мәселелер шешілетінін түсіндіріп, ақпараттық парақша таратты.

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің заңгері Сағыныш Әубәкіровтың айтуынша, қоғамдық қабылдауға келген әрбір азамат тегін заңгерлік кеңес алады. Өтініш иелерінің басым бөлігі жұмыссыздыққа, құқықтарының бұзылуына, әлеуметтік әділетсіздікке сонымен қатар қарыз дауына қатысты мәселерге шағымданады.

Акция аясында қоғамдық қабылдауға О. Әбдрәсілова, К.Хамитханқызы есімді азаматшалар келді. Оларға тегін құқықтық кеңес берілді.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

IMG 20190911 WA0123IMG 20190911 WA0123IMG 20190911 WA0123IMG 20190911 WA0123IMG 20190911 WA0123IMG 20190911 WA0123IMG 20190911 WA0123IMG 20190911 WA0123

Please publish modules in offcanvas position.