Сәрсенбі, 12 Ақпан 2020 09:23

ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Үлкенге құрмет» жобасы аясында ҚКХП Алматы облыстық комитетінің активі мен Жастар қанаты қарт адамдардың денсаулық клубына барып қайтты.

Белсенділер қариялармен бірге дене жаттығуларын жасап, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жаттығудан кейін емдік шай ішіп, қоғамда болып жатқан оқиғалар туралы пікір алмасты. Партия өкілдері өздерімен бірге «Коммунист Казахстана» журналын ала келді. Мұнда журналдың оқырмандары жетерлік.

Іс-шара жастарға да, қарттарға да пайдалы болды. Облыстық комитеттің белсенділері мұнда тағы да келіп, сауықтыру шараларын ұйымдастыруға уәде берді. Клуб қатысушыларының тілегі де осы болды.

ҚКХП Алматы облыстық комитеті

AlmObkKlubPozh 5AlmObkKlubPozh 5AlmObkKlubPozh 5AlmObkKlubPozh 5AlmObkKlubPozh 5

Please publish modules in offcanvas position.