Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 16:31

Коммунистер Көксу қант зауытын аралады

Оцените материал
(0 голосов)

Алматы облысы қант қызылшасын өндіру бойынша Қазақстанның ішкі нарығында көш бастап тұр. Көксу қант зауыты 1934 жылы құрылып, қант қызылшасын өсірумен айналыса бастады. Кеңес заманынан бері жабдығының жаңартылмауының салдарынан 2 мыңыншы жылы зауыттың жұмысы тоқтап қалды. Жуырда зауыт жұмысы жаңғырып, қызылша өндірісі тәулігіне 2 мың тоннаға артты. Осылайша Алматы облысының көптеген фермерлері қант қызылшасын қайта өсіре бастады.

Көксу қант зауытының алдында қызылша тапсыратын көлік тізіліп тұрған. Фермерлер зауыттың қуаты ірі көлемде қызылша қабылдауға жететініне күмәндана бастаған. Оларды республикалық маңызы бар жолдағы жүк тасымалдайтын көліктердің кептілісі алаңдатқан. Мәселенің түйінін тарқатып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін Алматы облыстық комитетінің коммунистері Көксу қант зауытына барды.

Кездесуге Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қатысты.

Кәсіпорын директоры Алтынбек Абатовтың сөзінше, зауыт жаңғыру кезеңінде, өткен жылы газға ауысқан. Биыл газ құрылғысы толық қайта жөндеуден өткен. Қазіргі таңда зауыт қызылша қабылдау науқанына дайындалып жатыр.

Оның айтуынша, науқан кезінде жүк тасымалдайтын көліктердің кептелісі болуы заңдылық. Жақын маңайдан келетін көліктер күніне бірнеше рет шикізат әкеледі. Ауыл шаруашылығы техникасы үшін зауытқа қарай арнайы жол бөлінген, жол қозғалысын жол полициясы бақылайды.

Шикізат қабылдау таңғы 8-ден кешкі 20:00-ге дейін жүргізіледі. Кейін кезекте тұрған көліктер зауыт аумағына кіргізіліп, қабылдау түнгі 02-ге дейін жалғасады.

Коммунистер алқаптан зауытқа қызылша жеткізу үшін шаруалар біраз шығындалатынын білді. Олар осы олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекет жергілікті кәсіпкерлерге жеке-меншікке техника алу үшін төмен пайызбен лизинг ұсынуы керек деген бастама көтерді.

KoksuSaharnZavod 7KoksuSaharnZavod 7KoksuSaharnZavod 7KoksuSaharnZavod 7KoksuSaharnZavod 7KoksuSaharnZavod 7KoksuSaharnZavod 7

Please publish modules in offcanvas position.