Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды бақылау бойынша аймақтық Қоғамдық кеңес ұсыныстардың орындалуына байланысты жергілікті өкілетті мемлекеттік органдарға мониторинг жүргізіп отыруы тиіс, сонымен қатар Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы мен Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша аймақ тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене қатысуы керек.