Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 15:32

Депутат А.Қоңыровтың Қарағанды облысындағы жұмыс сапары

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағанды облысындағы жұмыс сапары барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров «Сарыарқа» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Марғұлан Кәрібековпен кездесті.

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы индустриалды парк құрылысын іске асыру  мен қызмет көрсету-дайындау орталығын құру мақсатында мемлекеттік-меншіктік серіктестік негізінде құрылған. «Сарыарқа» ӘКК-нің басты мақсаты – жер қойнауы, металлургия-металл өңдеу салалары мен  агроөндірістік секторларындағы өндірісті жаңғырту және жаңа секторларды ұйымдастыру арқылы Қарағанды өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпалдасу.  Бұған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасы ету мен тұрақтандыру қорын құру да жатады.

Кездесуде М.Кәрібеков депутатты жобаны іске асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. Кейін А.Қоңыров тұрақтандыру қорында болды.

Тұрақтандыру азық-түлік қоры күз айында құрылады. Оның мақсаты өліара кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының күрт көтерілуінің алдын алу болып табылады. Облыста ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен 2018-2019 жылдарға 2500 тонна картоп, 300 тонна сәбіз, 100 тонн қызылша, 50 тонна қырыққабат, 200 тонна қант, сонымен қатар сұйық май, ұн мен жармаға  меморандумға қол қойылған. Бұл тауарларды «Сарыарқа» ӘКК әлеуметтік павильондар арқылы сатып алады. Қазіргі таңда картоп көп, себебі өнімді жыл болды, бірақ ұн жоқ.

Кейін коммунист «№1 Машзауыты» ЖШС, «Машина құрылысы консорциумы» ЖШС мен «Мир стекла» ЖШС-да болды. Кездесуде депутат өндірістегі жұмыс барысы, өнімге деген сұраныс пен жұмысшылардың еңбек жағдайымен танысты.

Халық қалаулысының жұмыс күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған бірнеше әлеуметтік павильондарға мониторинг жасаумен аяқталды. Бұл жерде шағын аула дүкендері мен супермаркеттерге қарағанда баға біршама төмен, бірақ ассортимент аз. Тауар шамамен 10 пайызға арзан, бірақ зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан осал топқа жататын азаматтар үшін бұл да үнемдеу болып табылады.

ҚКХП Қарағанды ОК

KaragSaryarkaKonurov 7KaragSaryarkaKonurov 7KaragSaryarkaKonurov 7KaragSaryarkaKonurov 7KaragSaryarkaKonurov 7KaragSaryarkaKonurov 7KaragSaryarkaKonurov 7

Please publish modules in offcanvas position.