Бейсенбі, 14 Наурыз 2019 15:32

Қарағандының коммунистері қазақстандық қоғамдағы әйел рөлін талқылады

Оцените материал
(0 голосов)

«Әйел – мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» тақырыбында өткен қоғамдық пікірталаста заманауи қазақстандық қоғамдағы әйелдің рөлі, гендерлік теңдік және барлық құрылымдарда әйелдердің интеграциясы мәселелері талқыланды. Іс-шара Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің бастамасымен өтті.

Қоғамдық пікірталас соңында обкомның бірінші хатшысы Александр Зевахин ер адамдармен бірдей құқық алу арқылы әйелдер өздерінің белсенділіктерін көрсете білуде деп атап өтті. Кездесу қатысушыларының басым бөлігін нәзік жандылар құраған. Сондықтан бұл мәселе ер адамдар үшін де өзекті болмақ. 

- Мемлекет қоғамдағы әйел құқығын заң жүзінде тең деп санаса да, гендерлік теңсіздік фактілері кездесіп жатады», - деді обкомның екінші хатшысы Анатолий Баранов. – Мысалы, еңбекақы мәселесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық және т.б. Сондықтан мұндай сұрақтарды талқылау және ортақ шешім табу маңызды болып тұр.

Бұл ұсыныс қатысушылар арасында үлкен қолдауға ие болды. Отырыс барысында әртүрлі пікір ортаға салынды: әйелдердің отанасы мәртебесінен алшақтамаудан бастап, мемлекеттік деңгейде кәсіпкер, саясаткер, ер адамдарға тән мамандықтарды игерген әйелдерді социализациялауға дейін.

Пікірталас барысында әйелдердің білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мұраларды сақтау салаларына тигізетін оң ықпалы да тілге тиек етілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерінің ұсыныстарын енгізген қорытынды құжат құрастырды.

KaragZhensh 6KaragZhensh 6KaragZhensh 6KaragZhensh 6KaragZhensh 6KaragZhensh 6

Please publish modules in offcanvas position.