Сейсенбі, 26 Наурыз 2019 10:42

Қарағанды облыстық комитетінің хатшылары «Благодать» қарттар үйінде болып қайтты

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетіне «Благодать» қарттар үйінің директоры Татьяна Адиетова хабарласты. Қарттар үйі қазіргі таңда 105 адам тұратын жеке меншік мекеме. Қарт адамдардың көбісі егде жаста жалғыз қалғандар, кейбіреулеріне арнайы күтім керек. Татьяна Александровнаға мұндай пансионат құру идеясы аяқ астынан келген,  ол қиын жағдайға тап болған қарт адамдарды, күтім мен мейірімді қажет ететін егде адамдарды көп көрген.

Осының барлығын саралай келе, ол қарттар үйін құруды қолға алған. «Благодать» үйі бірінші орынға құрмет пен жақсы қарым–қатынасты қояды. Татьяна Александровнаның туыстары мен жақындары бұл бастамаға қарсы болған. Бірақ ол өз дегенінен қайтпаған, қазіргі таңда бұл отбасылық кәсіпорын, бұл жерде оның балалары, жолдасы, барлық отбасы мүшелері жұмыс істейді. Қарттар үйінің иесі коммунистерді пансионатқа оның қамқорлығындағы адамдардың жай күйімен танысуға шақырды. Қарағанды ОК хатшылары Александр Зевахин мен Анатолий Баранов «Благодатьтің» үш ғимаратында болды. Ғимараттарда жақсы жөндеу жұмыстары жасалған, әдемі жиһазбен жабдықталған, өте жайлы, айналасындағы ауласы да жинақы. Барлығы махаббатпен жасалынған. Жоғары білікті қызметкерлер, арнайы құрастырылған ас мәзірі, медициналық бақылау, таза ауадағы серуен – мұның барлығы қарттар үшін жайлы жағдай жасап отыр. Бұл жерде әрбір мереке аталып өтіледі, дастархан жайылады, еріктілер театрландырылған көріністер қояды. Ыңғайлы кресло, дивандармен, теледидармен, массажерлармен жабдықталған қонақ бөлмелері бар.

Татьяна Александровнаның сөзінше, істі бастау оңай болған жоқ. Ол өзі қарттарды жуындырып, тырнақтарын алып, жаялықтарын ауыстырып, қасықпен тамақтандырған. Әрқайсысына жылы сөз таба білген. Қазіргі кезде қарттардың күтімімен арнайы үйретілген адамдар айналысады. Еуропа және АҚШ–пен салыстырғанда мұндай мекемелер әзірге бізде аз. Бірақ идеяның өзі дұрыс әрі қажетті.

Александр Зевахин зейнеткерлермен сөйлесіп, олардың жағдайларын сұрады. Барлығы өздерінің жағдайларына дән риза. Т.Адиетова қарттардың жағдайын бұдан да жақсы әрі ыңғайлы ететін өзінің жоспарларымен бөлісті. Бірақ бір мәселе бар – қомақты қаржыны талап ететін коммуналды қызмет төлемдері. Осы мәселемен ол ҚКХП–ға келген болатын. Өз кезегінде Александр Михайлович материалдарды «Халық коммунистері»  фракциясының депутаттарына жолдауға уәде берді.

Бұл адамдар қартайған шақтарында жайлы жағдайға, барлық құрмет пен ілтипатқа лайықты. Себебі олар өз қолдарымен осы күнге дейін жұмыс жасап тұрған зауыт, фабрикаларды, шахталарды құрған. Олардың аймаққа сіңірген еңбектері орасан зор. Сондықтан оларға күтім мен жайлы жағдай жасау біздің міндетіміз.

KRGDomPozh 4KRGDomPozh 4KRGDomPozh 4KRGDomPozh 4

Please publish modules in offcanvas position.