Сәрсенбі, 27 Наурыз 2019 10:18

Дағдарыс орталығы дағдарыс жағдайында

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің белсенділері бірінші хатшы Александр Зевахиннің басшылығымен «Шапағат» халықтық жобасы аясында Теміртау қаласында орналасқан «Мой дом» аналар мен балаларға арналған дағдарыс орталығына кешенді түрде тағы бір мәрте көмек көрсетті.

Бұл жолы коммунистер дағдарыс орталығына он бес қап балалар мен үлкендерге арналған киімдер, аяқ киімдер, ойыншықтар, балаларға арналған бұйымдар тапсырды.

Жеке меншік орталықты Ирина Жданова басқарады. Ол өмірдің қиын жағдайына тап болған аналардың қамқоршысы ғана емес, олардың жақын адамына айналған.

Жарты жыл бойы «Мой дом» «Балалар және зорлық зомбылыққа қарсы күрес» жобасына қатысты.

Сонымен қатар дағдарыс орталығы аналарды тіркеумен айналысады, себебі онсыз олар жәрдемақы мен алиментті рәсімдей алмайды. Бұл жерде заңгерлік медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Соңғы жыл ішінде орталыққа 97 адам тіркелген, 27 азаматқа құжат алу бойынша көмек көрсетілген, 49 әйел балаларымен орталықтың қамқорлығына өткен. Қазіргі кезде дағдарыс орталығының жағдайы нашарлап кеткен. Орталық АБҚО грантын жеңіп алған, бірақ «Астана Банкіндегі» мәселелерге байланысты ақша алынбаған, өткен жыл бойы орталық мемқаржыландырусыз жұмыс істеген. Қазіргі кезде мейірімді адамдардың ынтасымен ғана жұмыс жасап келеді. Орталықтың коммуналды қызмет төлемдері бойынша қарызы бар, қамқорлықтағы адамдарды тамақтандыратын азық-түлік жоқ. Қазіргі кезде заңгер мен социолог әйелдер мен балаларға тегін қызмет көрсетіп жүр. Бүгінгі таңда орталықта баратын жерлері жоқ балаларымен он адам тұрып жатыр. Қиын жағдайға байланысты орталық мұқтаж адамдарға көмек көрсете алмай отыр. Бұл мәселе жетекшіні қатты қынжылтады.

Коммунистер қолдан келгенше орталыққа көмектесуге әзір. Көмек көрсетуге дайын меценаттар мен еріктілерді іздестіріп, орталықтың жабылып қалмауына барынша үлес қосуда.

Байланыс телефондары: 8(7213) 90-00-95. «Мой дом» орталығының мекен-жайы: Теміртау қаласы, Пионерская к.,  59 «б».

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің баспасөз қызметі

KRGKrizCentre 3KRGKrizCentre 3KRGKrizCentre 3

Please publish modules in offcanvas position.