Сейсенбі, 24 Қыркүйек 2019 17:42

Коммунистер балалар үйі тәрбиеленушілерінің мәселесіне ортақтасты

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағанды қаласындағы «Құлыншақ» балалар үйі қамқоршылық кеңесінің жиынында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған Қарқаралыдағы «Жас Дәурен» лагерінің жағдайы мәз емес екенінен хабардар болды.

80 адамға арналған ғимаратта қажеттілік  өтейтін бір-ақ бөлме бар.

Ыстық су жоқтың қасы. 80 адамға 80 литр су жылытылады. Ғимараттың өзіне, асханасына күрделі жөндеу қажет. Кеңес кезінде бой көтерген ғимарат күні бүгінге дейін бірде-бір рет әрленбеген.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Оның құрамына  коммунистер енді. Комиссия мүшелері лагерь ғимаратын толық аралап, күрделі жөндеу қажет деген тоқтамға келді.

Балалар үйінің басшылары бұл мәселені 5 жыл бойы Қарағанды облыстық білім басқармасына айтып, дабыл қаққан. Бірақ ешқандай шара қолданылмаған.

Коммунистер комиссия мүшелерімен бірлесіп, облыстық білім басқармасына хат жолдады. Хатта нақты талап қойылды.

Ольга Карташева

Please publish modules in offcanvas position.