Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2019 09:38

КОММУНИСТЕР ТАРИХТЫ БҰРМАЛАУҒА ҚАРСЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағандылық коммунистер «Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы: тарих, фактілер, бұрмалау» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға соғыс ардагерлері мен тарихшылар, әлеуметтанушылар және «Согласие» мәдени орталығының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел Екінші дүниежүзілік соғысы тарихындағы маңызды оқиғаларға қатысты кейбір жалған тарихшылар мен шетелдіксаясаткерлердің міндеттеп отырған пікірлерін жоққа шығаруды мақсат тұтты. 

 Жиынға қатысушылар тарихи құжаттар мен замандастарының естеліктерін пайдаланып, соғыста кім агрессор, кім Отан қорғаушы болды деген мәселеге назар аударды. Сонымен қатар жеңісті өздеріне иемденіп алғысы келетін одақтастардың рөліне баға беріп, фашизмге қарсы соғыста  кеңес халқы жауға тегеурінді қарсылық көрсетіп, жеңіске жеткенін айтты.

Балтық елдері, Польша және кейбір еуропалық мемлекеттерде коммунистерді гитлерлік нацистерге теңейді. Бұл Еуроодақтың бітімгерлігін әспеттеу үшін жасалған дүние. Бұл ретте Кеңес одағына германдық фашизмнен бөлек одақтастар коалициясы да шабуыл жасағаны ұмыт қалуда.

Коммунистердің пікірінше, өскелең ұрпақтың КСРО-ның көпұлтты халқының фашизмге қарсы жеңісіне күмән келтіретін оқулықтарды оқуына жол берілмеуі керек. Ұлы Отан соғысының шынайы фактілерін қорғап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу міндет. Жастар ата-бабаларының ерлігін білуі және оны мақтан тұтуы тиіс.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.