Жұма, 11 Қазан 2019 09:22

КОММУНИСТЕР ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Бұқар жырау ауданы, Центральное ауылында тұратын Александр Маругин ҚКХП Қарағанды ​​облыстық комитетінің қоғамдық  қабылдауына  келді.

Өтініштің негізгі мәні – осы жылдың мамыр айынан бастап Александр Викторовичтің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынышты «А.Христенко атындағы Қарағанды​​ ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-дағы жұмысынан шеттетілгендігі және оған қатысты іс қозғалғандығы. А. Маругин басшылықтың өзіне қатысты әрекетін заңсыз деп санайды.

Бұл істі Александр Викторовичті 25 миллион теңге шамасында қаражат жетіспеді деп айыптап, сотқа бергені қиындатып отыр. Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин мен қоғамдық қабылдаудың заңгері Айман Біржанова ұйым басшылығының астықты ұрлауға қатысқанына көз жеткізгендей болды. Бұрынғы директор билігін асыра пайдалану және заңсыз әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, қызметінен қуылған.

Александр Маругин қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген. Оның айтуынша, бұрынғы басшының ұрлығын анықтау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке жүгінген. Оған қойма меңгерушісі ретінде 1С бухгалтерлік бағдарламасы бойынша есеп беруден өтпеген астық экспорты үшін шот-фактуралар ұсынылған. Сөйтіп жетіспейтін дүниенің бәрін оған арта салған.

Александр Маругин өзін қорғауға тырысып, көптеген билік органдарына, Ұлттық ауыл шаруашылық зерттеулер мен білім беру орталығының бас басқармасына дәлелмен барған. Істің анық-қанығын тексеру үшін комиссия құрылған. Ұйымға аудит жүргізілген. Ал оны Ауыл шаруашылығы министрлігі бір рет те жүргізбеген. Әзірге Александр жұмысына қайта оралған жоқ және жетіспейтін астық көлемі бойынша сот процесі жүріп жатыр.

А. Маругинді тағы бір мәселе алаңдатып отыр. Жаңа басшы өз қызметін ұзақ жылдар бойы ұйымда жұмыс істеген мамандардың жаппай жұмыстан босатудан бастаған. Барлығы отыз адам жұмысынан айырылған. Ауыл тұрғындары үшін бұл жалғыз табыс көзі болып саналады. Олардың орнына білімі мен тәжірибесі бұл ұйымның жұмысына сәйкес келмейтін қызметкерлер қабылдануда. Директордың мұндай іс-әрекетінің себебін немен байланыстыруға болады? Мұны да анықтау қажет.

Облыстық комитеттің коммунистері мен заңгері Александр Викторовичтің сөзінің дұрыстығына көз жеткізу үшін ауданға барып, бұрынғы басшылықтың заңсыз әрекеттері туралы жиналған видеоны көріп, бірқатар құжаттармен танысты. Ауылшаруашылық тәжірибе станциясының жұмыстан босатылған және қазіргі жұмысшыларымен сөйлесті.

Бұл жағдай кейбір ақпарат құралдарында ерекше атап өтілді. Қазір Қарағанды ​​облыстық комитетінің активі және заңгері А.Маругиннің ісі бойынша жұмысын жалғастыруда. Бірқатар сот процедуралары оның кінәсіздігін дәлелдеуі керек. Өйткені ұрлық схемасын әшкерелеп берген адам жауапқа тартылуда. Сондай-ақ қазіргі директордың кадрлық өзгерістер мен жұмыстан босатуға қатысты әрекеттерінің заңдылығы анықталмақ.

Президент сыбайлас жемқорлық пен ұрлыққа қарсы күресті бірінші кезектегі міндет етіп қойды. Алайда іс жүзінде бұл мәселе күрделене түсуде. Сондықтан коммунистер құзырлы органдар мен қоғам тарапынан қатаң бақылау қажет деп есептейді.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGObshPriemn

Please publish modules in offcanvas position.