Дүйсенбі, 21 Қазан 2019 09:37

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ КОММУНИСТЕР КЕДЕЙШІЛІККЕ ҚАРСЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды ​​облыстық комитетінде Қазақстандағы кедейшілік тақырыбын талқылауға арналған жиын өтті.

Талқылауға ұйытқы болған коммунистер табиғи ресурстарға бай елде кедей отбасылардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Әлеуметтік осал топтарға берілетін мемлекеттік көмек жалпы статистиканы біршама жақсартқанымен, негізгі мәселелерді шеше алмады. Қазақстандықтардың көпшілігінің қарызға батуы, жалақының төмендігі және қоғамның орташа табысының азаюы кедейшілікке бастап отыр. Қазір жұмысы болса да, кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқан отбасылар жетерлік. Зейнет жасына жеткен кезде кедей, мүгедек және көпбалалы жандардың тағдыры одан сайын қиындай түсетіндей.

«Жалпы ішкі өнім өсуінің баяулауы және нақты жалақының төмендеуі кедейшілікке кері әсерін тигізді. Қазір кедейшілік жұмыссыздықпен емес, сонымен бірге табыстың төмен деңгеймен байланысты. Бұрын орта тап саналатындар кедейлер санатына ауысуда», – деді бірінші хатшы Александр Зевахин.

Ашық ақпарат көздерінен алынған дерекке сүйенсек, 2018 жылдың IV тоқсанында елдегі орташа айлық жалақы шамамен 176 мың теңгені құрады. Ал шын мәнінде бұл көрсеткіш 106 мың теңге шамасында болды. Мұндай аз сома Қазақстандағы кедейшілік проблемасын ғана көрсетпейді, экономикада қауіпті мәселесінің етек алып келе жатқанын айғақтайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан инфляцияның көп бөлігін шетелден «импорттап» отыр. Өйткені барлық дерлік дайын тауарлар, машиналар, жабдықтар мен технологиялар сырттан сатып алынады. Табысты күрт арттыру үшін экономика құрылымындағы өзгерістерге қол жеткізіп, өнімділікті еселеу қажет. Қазақстан шикізатты сатып қана қоймай, өнім өндіруі керек. Тұрақты жұмыс орындары ашылуы керек. Бірақ ол үшін жоғары жалақы талап ететін біліктілігі жоғары еңбек ресурстарының болуы басты шарт саналады.

ҚКХП кедейшілікті жою үшін тиісті ұсыныстарды көтеруде. Парламент Мәжілісінде коммунистер бірнеше рет кедейшілік шегін анықтау тетігін қайта қарауды, халыққа азық-түлік көмегін ұсынуды, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды, адал салық салу мен ұлттық байлықты әділ бөлуді жүргізуді талап етті.

Талқылауға қатысушылар коммунистердің ұсыныстарын тиімді және орынды деп санады. Сондай-ақ оларды бірауыздан қолдап, қорытынды құжаттың жобасын жасады.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGBednost 4KRGBednost 4KRGBednost 4KRGBednost 4

Please publish modules in offcanvas position.