Дүйсенбі, 28 Қазан 2019 09:45

МЕДИЦИНАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҰЛТҚА ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті дөңгелек үстел ұйымдастырып, медициналық көмектің сапасын жақсартудың жолдарын іздеді.

Кәсіподақтардың аумақтық одағының залында өткен шараға «SENIM» денсаулық сақтау кәсіподағының төрағасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, емханалар мен ауруханалардың басшылары, қала жұртшылығы және партия белсенділері жиналды.

«Денсаулық сақтау – өте күрделі сала. Мұнда эконмикалық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және этникалық мәселелер топтасқан. Оның басты мақсаты – адамдардың денсаулығын сақтау және медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Егер жүйе пациенттердің сұраныстарына және кәсіби көзқарастардың өзгеруіне жауап бере алмаса, онда салаға өзгеріс қажет», – деді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин.

Партиялық комитеттің екінші хатшысы Анатолий Баранов тақырыпты одан әрі жалғай түсті.

«30 жыл ішінде дәрігерлердің және жалпы саланың жағдайын жақсарту мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданды. Белгілі бір дәрежеде алға жылу байқалды. Бірақ отандық медицина түбегейлі өзгеріске ұшыраған жоқ. Қолында қаражаты барлар шетелде емделгенді жөн көреді. Ал мүмкіндігі жоқтар отандық медицинаға иек артады. ҚКХП елдегі жағдайды таразылап, отандық денсаулық сақтау саласының негізгі проблемаларын анықтады. Сонымен біздің елге білікті кадрлар мен заманауи медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі, дәрі-дәрмек бағасының, әсіресе, импорттық тауар құнының қымбаттығы, қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалаудың төмендігі, педиатр тапшылығы секілді проблемалар тән», – деді Анатолий Баранов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Әрине атқарылған іс аз емес. Десе де шешімін таппаған мәселелер бар. Мәселен, облыс бойынша 84 маман жетіспейді. Бұдан бөлек әлеуметтік дәріханалар мен емханаларды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету, педиатриялық орталықтардың жеткіліксіздігі секілді тағы да басқа мәселелер шешілмеген.

Денсаулық сақтау саласының жағымды һәм жағымсыз жақтарын талқылай келе, коммунистер жағдайды жақсарту үшін бірқатар ұтымды ұсыныс айтты. 

«Жалпы практика дәрігерлерін дайындау және қайта дайындау жұмыстарының деңгейін көтеруді, тиісті тәжірибелік машықтар қалыптастырып, жұмыс орындарын тиісті құрылғылармен жабдықтауды қолға алу керек. Сонымен қатар емдеу мекемелеріне педиатр дәрігерлерді қайтару қажет. Бұдан бөлек Үкімет дәрі-дәрмектің бағасын, әсіресе импорттық дәрінің бағасын теңгенің құнсыздануы жағдайында қатаң бақылауға алуы керек. Диспансерлік есепте тұрған емделушілерге дәріні үздіксіз жеткізу үшін өңірлік денсаулық сақтау департаменттеріне дәрі-дәрмек тапсырысын бір жылдық және жарты жылдық мерзімге емес, одан қысқа уақытқа рәсімдеуді тапсырған абзал. Сондай-ақ, ерте диагностикалауды жетілдіріп, зертханалық-клиникалық зерттеу кешенінің қызметін ақысыз ету керек», – деді коммунистер.

Денсаулық сақтау департаментінің басшылары мен дәрігерлер ҚКХП бастамаларын бірауыздан қолдады.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGMedicime 2KRGMedicime 2

Please publish modules in offcanvas position.