Жұма, 01 Қараша 2019 09:32

КОМСОМОЛ – ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАДАМ ЖАСАТТЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінде Комсомол күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған бұрынғы комсомолдар мен партия комитетінің белсенділері қатысты. 

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин көпшілікті мерекемен құттықтап, әрдайым елдің жанашыры, жас ұрпақтың қолдаушысы болып қала беруді тіледі.

Екінші хатшы Анатолий Баранов БЛКЖО-ның тарихына шолу жасады.  Ол комсомолдардың кеңес кезіндегі ерліктері, даңқты істері және елдің дамуына қосқан зор үлестері жайлы баяндады.

Бұдан кейін комсомолдың ардагерлері өткен күннің естеліктерімен бөлісті.

«Біз кеңес заманында өмір сүрдік. Ол кезде өмірімізді комсомолсыз елестеу мүмкін емес еді. Бұл жастардың бірегей қозғалысы болатын. 200 миллионнан астам адам комсомол қатарында болған екен. Олардың біразы БЛКЖО мүшесі атанып, үлкен өмірге қадам басты», – дейді комсомолдың ардагерлері.

Қазір патриоттық тәрбие туралы көп айтылады. Бірақ нақты идеологияның жоқтығынан бұл бағытта анау айтқандай жетістікке қол жеткізу мүмкін емес. Өйткені сананы жаңғырту, жаңа саяси және экономикалық талаптар өз дегенін істетпей қоймайды. «Бұған ең бірінші жастардың реакциясы қажет», – деді ардагер комсомолдар.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGKomsomol 2KRGKomsomol 2

Please publish modules in offcanvas position.