Дүйсенбі, 04 Қараша 2019 09:15

Қарағандылық коммунистер 48 отбасыға көмек көрсетті

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП бастамасымен қолға алынған «Шапағат» халықтық жобасы көптеген отбасыларға көмегін тигізіп келеді.

Әрбір өңірде «Шапағаттың» пункттері жұмыс істейді. Мәселен қарағандылық коммунистер соңғы айда 48 отбасыға азық-түлікпен және заттай көмек көрсетті. Олардың дені көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған отбасылар және жалғызбасты қарт адамдар.

Қарағанды облыстық комитеті соңғы жеті жылда «Үміт» мүгедектердің ерікті қоғамымен тығыз байланыс орнатқан. «Шапағаттың» көмек беру орталықтарының бірі аталған қоғамның базасында жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Теміртау қаласындағы «Сияние сердец» еріктілер қозғалысымен қарым-қатынас бар. «Шапағаттың» өңірлік орталығына кәсіпкер Сергей Шемякин ерекше атсалысып келеді.  

«Шапағаттан» көмек сұрай келген жандардың барлығы дерлік әлеуметтік осал топтардың қатарына жатады. Олардың әрқайсысы денсаулығына қатысты проблемалармен бас қатырып жүрген жандар. Өмірде жолы болмай, қиындыққа тап болғандары қаншама.

Мөлдір Жантөреқызы. 12 жаста. Зағип қыз. Көзі мүлдем көрмейді. Отбасында үш бала бар. Қаржылық қиыншылық жағдайында күн кешіп отыр. «Шапағат» жобасының нәтижесінде отбасындағы балалардың бәрі жылы киім-кешекпен, аяқ киіммен қамтылды. Зағип қыз әнді жақсы айтады. Конкурстарға қатысады. Үлкендермен бірге жұмсақ ойыншық жасайды. Оны «Үміт» мүгедектердің ерікті қоғамындағы мүгедек балаларға табыс етеді.

Гүлсара Ғабдуллина. Жалғызбасты ана. Үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Біреуі мүмкіндігі шектеулі бала. Бұл отбасыға да жылы киімдер, аяқ киім, ойыншықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.

Кирилл Дитянский. 9 жаста. Туғанынан мүгедек. ДЦП-мен ауырады.

Екатерина Смола. 9 жаста. Тірек-қимыл жүйесі зақымдалған.

Данил Клюсо. 10 жаста. Қайғылы жағдайдың салдарынан баланың миы зақымдалған. Аталған балалардың барлығын коммунистер қамқорлығына алған. Олар балаларға киім-кешек алып беріп қана қоймай, емдеу орындарына жеткізу тұрғысынан да көмек көрсетіп келеді.  

Константин Динаренко. 41 жаста. Ол өздігінен жүріп, тұра алмайды. Тамыз айына дейіне анасымен бірге тұрған. Кейін анасы қайтыс болған. Қазір жалғыз тұрады. Туған-туыстары арасында ғана көмектеседі. Сондықтан ол әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне мұқтаж. Коммунистердің тікелей араласуынан кейін оған әлеуметтік қызметкер берілмек.

Галина Карачебан. 55 жаста. Жалғызбасты жан. Арқасы ауырады. Оған қажетті дүниелер сатып алынды. Сондай-ақ күнделікі тұрмыста, азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкелуге көмек көрсетіледі.

Әсем Әбішева. 1974 жылы туған. Диагнозы – ДЦП. Мүгедектігі үшін мемлекеттен жәрдемақы алады. Бірақ азғантай ақша ештеңеге жетпейді. «Шапағат» жобасы аясында еріктілер оған қажетті дәрілер мен заттарды әкеліп берді.

Бұл коммунистер көмек көрсететін жандардың бір парасы ғана. «Шапағат» жобасы олардың қиындыққа толы ғұмырын сәл болса да жеңілдетіп отыр.   

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

 

Shapagat 04 11 3Shapagat 04 11 3Shapagat 04 11 3

Please publish modules in offcanvas position.