Жұма, 08 Қараша 2019 09:39

ПРОЛЕТАРИАТ ЖЕҢІСІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

Ұлы Қазан социалистік революциясы күнінде ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің коммунистері пролетариат көсемі В. Ленин ескерткішінің жанына жиналды.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин көпшілік алдында сөз cөйлеп, 1917 жылғы революциялық оқиғалардың маңыздылығын, олардың тарихтан алар орнын, әлемде алғаш құрылған социалистік республиканың артықшылықтарын атап өтті. Осыдан соң ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Жиналған көпшілікті Абай қалалық партия комитетінің хатшысы Владимир Малыхин мерекемен құттықтады. Ол сол кездегі маңызды ұрандарды тағы бір мәрте еске салды.

Коммунист Лидия Моргачёва мерекелік датаға орай шығарған өлеңдерін оқыды.

Сергей Черкасов пен Людмила Ротноваға салтанатты жағдайда партиялық билеттер тапсырылды. 

Сондай-ақ облыстық комитет белсенділері партия ардагері, «Соғыс балалары» қоғамдық бірлестігінінің төрағасы, 7- қараша күні дүниеге келген Лидия Близнюченконы туған күнімен құттықтап, құрмет көрсетті.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRG7Nov 5KRG7Nov 5KRG7Nov 5KRG7Nov 5KRG7Nov 5

Please publish modules in offcanvas position.