Жұма, 22 Қараша 2019 09:50

ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті екі адамды партия қатарына қосты. Олар – Мейрам Әбдіхалықов және Жұмағали Байниязов.

Партия қатарына қосылар алдында үміткерлер ұйымның жарғысымен және бағдарламасымен танысып, әңгімелесуден өтті.

ҚКХП талабына сәйкес, саяси ұйымның қатарына қосылу үшін алдымен белгілі бір уақыт ішінде коммунистермен бірге болып, оның бастамаларына қатысу керек. Тек содан кейін ғана партияға өтуге болады. Өйткені партия мүшелерінің саяси және идеологиялық көзқарасы дұрыс болуы керек. Кандидаттың таңдауын құрметтейтін және қолдайтын коммунистер оны партия қатарына қабылдайды.

Мейрам Әбдіхалықов партияға деген сенімін өзгертпеген. Ол алғаш рет коммунистердің қатарын 1982 жылы толықтырған екен. КСРО құлағаннан кейін де коммунистік идеологияға сенім білдірген. Тіпті, партиялық билетін осы күнге дейін сақтап келген. ҚКХП туралы естіген соң, партия қатарына өтуді жөн көріпті.

Мейрам Әбдіхалықов – профессор, білім беру саласының Құрметті қызметкері, Қ.Сәтбаев атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ол өзінің жақын туысы Қазақстанның ғылым академиясының құрылуының бастауында тұрған, өмірін туған елінің білімін, ғылымын дамытуға арнаған белгілі мемлекет, партия және қоғам қайраткері Мұхамеджан Әбдіхалықовтың ізін жалғастырушы. Сонымен қатар ол белсенді азаматтық ұстанымы бар, елі мен халқына пайдалы болуға тырысатын тұлға. 

Жұмағали Байниязов ұзақ уақыт ҚКХП жақтаушысы болған, қазір өзінің таңдауына сенімді бола отырып, партия қатарына қосылды.

Жұмағали Байниязов Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінде техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді. Ол принципшіл, азаматтық парызды жоғары ұстайтын адам.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин және партия ардагері Лидия Близнюченко қатарға жаңадан қосылған коммунистерге партия билеттерін табыс етті және оларды өмірлеріндегі жаңа кезеңмен құттықтады.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGNewKom

Please publish modules in offcanvas position.