Жұма, 29 Қараша 2019 09:40

САЙЛАУШЫЛАРҒА ҚКХП ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің активі коммунист-мәжілісмендердің депутаттық сауалдары жазылған кітапшаларды тарату акциясын өткізді. Акцияны ұйымдастырудағы мақсат – халық қалаулыларының атқарып отырған жұмысы туралы көпшілікті құлағдар ету.

«Халық коммунистері» депутаттық фракциясы әлеуметтік салаға қатысты ең өзекті мәселелерді көтереді. Атап айтқанда, медицина, білім беру, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы сонымен қатар тұрмысы төмен адамдарға, көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге берілетін жәрдемақыны арттыру, несиелерді қайта қаржыландыру, ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету және тағы басқа мәселелер.

Депутаттық сауалдарды ұсыну барысында олардың қысқаша мазмұны айтылды. Бұған қоса коммунистер азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Кітапшалар еңбек ұжымдарына, қоғамдық бірлестіктерге және түрлі ұйымдарға таратылды.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGGolosPart 3KRGGolosPart 3KRGGolosPart 3

Please publish modules in offcanvas position.