Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2019 09:33

БАСЫМ БАҒЫТТАР БЕЛГІЛЕНДІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті кезектен тыс VIII пленумын өткізді. Жиында осыған дейін атқарылған жұмыстар қорытындыланып, келер жылға жоспар құрылды.

Бірінші хатшы Александр Зевахин партия активін ҚКХП Орталық Комитеті мен Орталық бақылау-тексеру комисиясының Х пленумында көтерілген мәселелермен таныстырды.

Екінші хатшы Анатолий Баранов облыстық комитеттің сайлау кампаниясы кезінде атқарған жұмысына шолу жасап, кемшіліктер мен жетістіктерді саралады.

ҚКХП Балқаш қалалық комитетінің хатшысы Александр Грищенко тарихи мұраны, оның ішінде пролетариат көсемінің ескерткішін сақтау бастамасын көтерді. Бұған қоса ол В.И. Лениннің 150 жылдығын атап өтуге қатысты пікір білдірді.

Алдағы жылы облыстық комитет партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдауға басымдық бермекші. Халық арасында коммунистік идеяны насихаттау, аудандық, қалалық комитеттердің жұмысын жандандыру, бастауыш партия ұйымдарын құру мәселелері де күн тәртібінде тұрмақ.

Облыстық комитеттің оң имиджін қалыптастыру, тарихи фактілердің бұрмалануына жол бермеу, В.Лениннің ескерткіштерін сүріп тастауға қарсылық таныту және Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі негізінде жастарды патриотизмге тәрбиелеу шараларына салмақ салынады.

Пленумда ҚКХП жобаларын насихаттау, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы атқарып отырған жұмыстарды халыққа жеткізу, «Шапағат» халықтық жобасы мен «Бiз мектепке барамыз» акциясын жүйелі ұйымдастыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде, партияның сайты мен журналында және басқа БАҚ-та насихат жұмысын жандандырылуы тиіс екеніне назар аударылды.

Жиында қоғамдық ұйымдармен екіжақты байланысты нығайту мақсатында «Тұтынушылар құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGPlenum 2KRGPlenum 2

Please publish modules in offcanvas position.