Сейсенбі, 10 Желтоқсан 2019 16:03

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАРҒА ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ ҚАЖЕТ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды ​​облыстық комитеті Қазақстан мүгедектерінің өмір сүру жағдайына қатысты қоғамдық пікірталас өткізді.

Талқылауға мүгедектер қоғамының, оңалту орталықтарының өкілдері, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, облыстық комитеттің активі шақырылды.

Талқылау барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың түрлі мәселелермен бетпе-бет келетіндігі айтылды.

Мұндай жандардың жағдайын Парламентте бірнеше рет көтерген ҚКХП олардың өмірін жақсарту және әлеуметтендіру туралы ұсыныстарын білдірді.

Қоғамдық талқылауға қатысушылар коммунистердің ұсыныстарын бірауыздан қолдады. Атап айтқанда, мүгедек баланы күтіп-бағып отырған отбасына ерекше мәртебе беру; сондай-ақ «Әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар баланың ата-анасы немесе қамқоршысы» мәртебесін беру, мүгедектерді оңалту ісін жетілдіру.

Қазір «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары заңға түзету  енгізуге атсалысып жатыр.

Баршаға ортақ әлеуметтік әділетті қоғам құру – мемлекеттің міндеті. Өз кезегінде ҚКХП тең мүмкіндіктерді, артықшылықтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құруды құптайды.  

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KaragandaInvalidy 3KaragandaInvalidy 3

Please publish modules in offcanvas position.