Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 10:21

Коммунистер әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырады

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің партия активімен өткізген жиынында соңғы алты айдың қорытындысы жарияланды.

Облыстық комитеттің екінші хатшы Анатолий Барановтың мәлімдеуінше, коммунистер үкіметтік емес ұйымдармен байсалды байланыс орнату арқылы партия қатарын жаңа мүшелермен толықтырған. Бір айдың ішінде Қарағанды облыстық комитетіне 20 адам келіп, партия қатарына қабылдауға өтініш жазған.

Оның сөзінше, ҚКХП Теміртау қалалық комитетінің жаңа басшысы қалалық комитеттің жұмысына серпін берген. Мұнда бастауыш партия ұйымдары мен партия қатарына қабылданғандардың саны артқан.

Қарағанды облыстық комитетімен бес жылдан бері байланыс ұстап отырған «Үміт» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінен екі бастауыш партия ұйымы құрылған. «Наш дом» дағдарыс орталығының бірнеше өкілі коммунистердің көзқарасын бөлісіп, саясатын қолдау үшін партия қатарына өткен.  

Абай қалалық комитетіндегі бастауыш партия ұйымдарының саны көбейген. Мұнда партия қатарына қабылданғандарға салтанатты жағдайда партия билеттері табысталған.

Қарағанды облыстық комитетінің жанынан «Марксистік үйірме» құрылған. Онда № 38 мектеп-гимназияның Е.Бөкетов атындағы университет пен медициналық институттың студенттері дәріс тыңдайды.

Басқосуда болашаққа жоспар құрылды. Соған сәйкес білім беру мекемелерімен, өндірістік кәсіпорындармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатуды жалғастыра беруге назар аударылды. Бұған қоса коммунистердің  әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру мен БАҚ-пен жұмысты күшейту қажет екені айтылды.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

Караганда3Караганда3Караганда3

Please publish modules in offcanvas position.