Жұма, 13 Қыркүйек 2019 09:08

«Шапағат» – жанашырлықтың жарқын үлгісі

Оцените материал
(0 голосов)

«Шапағат» халықтық  жобасын жүзеге асыру аясында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің белсенділері ел азаматтары мен еріктілерді мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге шақырды.

 

Нәтижесінде 700 келіден астам киім мен аяқ-киім жиналды. Бұл заттарды облыстық комитеттің екінші хатшысы Анатолий Баранов «Үміт» мүгедектердің ерікті қоғамы жанындағы тарату пунктіне апарып берді. Киімдер мен заттар қоғам мүшелеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға, көпбалалы аналарға, жалғызбасты зейнеткерлерге үлестірілетін болды. Балалар мен ересектерге арналған жылы киімдер сол жерде 12 отбасыға таратылды.  

«Үміт» ҚБ жетекшісі Валентина Власова мен оның ұжымы «Шапағат» халықтық  жобасының белсенді қатысушылары. Бұл жерде «Шапағатқа» арналған бөлме бар.  

Қарағанды облыстық комитеті еріктілерге, студенттерге және кәсіпкер Сергей Шемякинге «Шапағат» халықтық  жобасын қолдағандары үшін алғыс білдіреді.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

ШапагатШапагат

Please publish modules in offcanvas position.