Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 12:19

Құжатқа қол қоярда заңгерге жүгініңіз

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағанды облыстық комитеті қоғамдық қабылдауының заңгері Айман Біржановаға қала тұрғыны Г.Кучма кеңес алу үшін келді.

Ол кондоминиумның типтік келісім-шартындағы кемшіліктерге шағымданды.

Күз мезгілінде көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу беру мен қысым тексеру үшін ақша жинау алдында тұрғындардан ПИК келісім-шартына қол қоюды сұрайды. Әдетте тұрғындар құжатқа мән бермейді немесе оны мүлдем оқымайды. Құжатпен танысқан  заңгер пәтер жалдаушылар үшін тиімсіз бірқатар қателіктерді анықтаған. Мысалы, келісім-шарт тікелей пәтер иесі мен ПИК арасында емес, барлық тұрғындардың мүддесін қорғауға тиіс үй басқарушысымен жасалады. ПИК-қа қатысты шағым түскен немесе сотта іс қаралған жағдайда тұрғын үй иесі емес делдал жүреді. Сондай-ақ типтік құжатта құқық пен міндеттемелер тармақтары ауыстырылған. Мұндай келісім-шарт республика бойынша таралған, сол себептен бұл барлық кондоминиум қатысушыларына қатысты болып тұр. Жалпы қандай да бір құжатқа қол қоймас бұрын заңгерге жүгінген жөн. Құжатты ҚР Ұлттық экономика министрлігі бекіткенмен тұрғындар типтік құжатқа түзету енгізуге құқылы.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті

KRGObShPri 2KRGObShPri 2

Please publish modules in offcanvas position.