Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019 16:10

Бастауыш партия ұйымы өзгелерге үлгі көрсетіп отыр

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінде 3 ірі аудандық комитет бар. Олардың барлығы бастауыш партия ұйымы негізінде құрылған. Қазбек би аудандық комитетін Қайрат Біржанов басқарады. Бүгінгі таңда аудандық комитеттің ұйымдасқан жұмысы өзгелерге үлгі болып отыр. Аудандық комитет жыл сайын кеңейіп, жаңа бастауыш партия ұйымдары ашылып жатыр. Сәйкесінше партия мүшелерінің қатары көбейіп келеді.

Қайрат Біржановтың аудандық комитетті басқарғанына 6 жыл болды. Осы уақыт ішінде ол өзін жақсы ұйымдастырушы және әділ адам ретінде көрсете білді.

Әділдікке деген құштарлық Қайрат Біржановты заң саласына алып келді. Кейін ол ҚКХП-ны таңдап, коммунистердің қатарына қосылды. Партиядағы жұмыс тәжірибесін бастауыш ұйымнан бастап, кейін бірнеше бастауыш партия ұйымдарын жасақтады.

Қайрат Біржановқа Орталық Қазақстан академиясындағы тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор қызметі жастармен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Қазір аудандық комитетте коммунистердің жобаларына белсенді атсалысатын жас коммунистер көп. Олар «Шапағат» халықтық жобасы мен «Біз мектепке барамыз» акциясында да көзге түсті.

Аудандық комитет хатшысының пікірінше, пария мүшелерінің саны емес, сапасы маңызды. Партия қатарына қосылған азамат өзінің жауапкершілігін сезінуге тиіс.

«Қазақстан Коммунистік халық партиясы қуатты саяси құрылым. Ол

қарапайым азаматтардың мүддесін қорғайды және әлеуметтік жаңғыруға басымдық береді», - деді Қайрат Біржанов.

Оның сөзінше, аудандық комитетке көмек сұрап келетін жандарға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Мәселелер аймақтық партиялық ұйымның көмегімен немесе ҚКХП Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының ықпалымен шешіледі.

«Сайлау кампаниясына қатысу және адамдардың компартия үшін берген дауысы атқарылған жұмыстың нәтижесі. Қоғамда коммунистердің ұстанымы мен коммунистік көзқарасты қолдайтын азаматтар көп. Олар бізге сенеді және бізді қолдайды», - деді Қайрат Біржанов.

 Қазір аудандық комитет бірқатар іс-шараларға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта мұнда аймақтың өзекті мәселелері талқыланып, ұстаздардың мәртебесіне арналған дөңгелек үстел өтеді. Сонымен қатар еңбек ардагерлері мен егде адамдарды Қарттар күнімен құттықтау мен зейнеткерлердің өмір сүру сапасына арналған қоғамдық пікірталас өткізу жоспарланған.

Ольга Карташева

PervKRG 4PervKRG 4PervKRG 4PervKRG 4

Please publish modules in offcanvas position.