Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018 12:18

Коммунистер студенттер үшін ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырды

Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ҚКХП Астана қалалық комитеті 2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана қ. Көпбейінді колледж студенттері үшін ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырды.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов колледж студенттері мен оқытушыларын Президент мақаласының негізгі мән-мағынасымен таныстырып,   экскурсияның мақсаты өскелең ұрпақты еліміздің мәдени жетістіктерімен және қазақ жерінің тарихымен таныстыру екендігін айтты.

Экскурсия жетекшілері қонақтарды ежелгі және орта ғасыр тарих залына апарып, археологиялық коллекциямен таныстырды. Кейін студенттер қазақ мәдениетінің материалдық және рухани дәстүрімен танысу үшін этнография залын тамашалады.

Қазақ көшпелі атам заманнан мал шаруашылығына басымдық бергенмен, кейбір аймақтарда отырықшы мал шаруашылығы да дамыған. Ал балық шаруашылығы мен аңшылыққа қатысты экспонаттар қазақ халқының көп қырлы шаруашылығы мен мәдени өмірін паш етеді.

Сонымен қатар студенттер тарих және Тәуелсіз Қазақстан залдарын да тамашалады.

7graneyAstana 67graneyAstana 67graneyAstana 67graneyAstana 67graneyAstana 67graneyAstana 6

Please publish modules in offcanvas position.