Сейсенбі, 12 Наурыз 2019 13:16

Астаналық коммунистер мен «Жастар шуағы» жастар қозғалысының еріктілері жалғызбасты зейнеткердің үйіне барып қайтты

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 11 наурызында Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов «Шапағат» халықтық жобасын іске асыру барысында «Жастар шуағы» қозғалысының еріктілерімен бірге бұған дейін қалалық комитеттен көмек сұраған  зейнеткер Еңлік Қарабаеваға азық-түлік апарып берді.

Зейнеткер жеке меншік үйдің жанынан салынған ескі үйшікте  жалғыз тұрады. Материалдық көмекке зәру, себебі барлық зейнетақысына несие жауып отыр. Несиені жолдасы қайтыс болғанда алуға мәжбүр болған.

Таяуда үйшік сүріледі, ал Еңлік әжейдің басқа барар жері жоқ.  Қарт кісінің денсаулығы да сыр беріп жүр, жиі ауырады, жүріп-тұруы мен сөйлеуі қиындаған.

Астаналық коммунистер зейнеткерге тиісті медициналық көмек көрсету үшін, оны емханаға тіркеумен айналысып жатыр. Зейнеткердің несиелері оны  Қарттар үйіне орналастыруға кедергі болып тұр.

AstPoShapag 3AstPoShapag 3AstPoShapag 3

Please publish modules in offcanvas position.