Сейсенбі, 23 Сәуір 2019 10:53

Астана қалалық комитетінде кезекті VI Пленум өтті

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінің кеңсесінде кезекті Пленум өтті. Отырыс басында ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов комитет активін әлем пролетариатының көсемі В.И.Лениннің 149 жылдығымен құттықтады.

Пленум қатысушыларының дауыс беру қорытындысы бойынша төралқа құрамына партияның ардагерлері Николай Косенок, Юрий Седристов, Еркін Саркенов пен Нұрдәулет Оразханов кірді.

Пленум барысында қалалық комитеттің жетекшісі ҚКХП Астана қалалық комитетінің 21 қараша 2018 жыл мен 21 сәуір 2019 жыл аралығындағы жұмысы туралы есептік баяндама жасады. Ол соңғы кездері қалалық комитет халықтың әлеуметтік жағынан осал тобымен белсенді жұмыс жасап жатқандығын айтты. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар  мен қоғамдық ұйымдардың назарын жастар мәселесіне аудартуға әрекет жасалынып жатқандығын жеткізді.  Қалалық комитеттің БРК төрайымы Гүлназым Исмаилова өз есебінде  бірқатар ұсыныстар жасады: қатардағы мүшелерді партиялық қызметке белсене тарту, семинарлар мен партоқытуларды жиі ұйымдастыру, қалалық Ардагерлер кеңесімен жұмыс жасау. Сонымен қатар қатсушылар кейбір ұйымдастырушылық сұрақтарды талқылады.

Ast6Plenum 3Ast6Plenum 3Ast6Plenum 3

Please publish modules in offcanvas position.