Жұма, 23 Тамыз 2019 13:34

ҚКХП-ның астаналық комитетінде «Біз мектепке барамыз» акциясы басталды

Оцените материал
(0 голосов)

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚКХП Астана қалалық комитетінің кеңсесінде «Біз мектепке барамыз» акциясы басталды. Бұл Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін акциясы.

Акция барысында елорданың аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға мектеп формасы табысталып, балалар мен ата-аналар үшін дастархан жайылды. Балалар сыйлықтарға риза болды, ал ата-аналар партияға өмірдің қиын жағдайында қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын жеткізді.

Көп жылдан бері астаналық коммунистерден көмек алып жүрген көпбалалы ана Яха Мисербаева партия мен өткізіліп жатқан акцияға қатысты жылы лебізін жеткізді: «Жыл сайын осындай акция ұйымдастырып жатқандарыңызға рахмет. Бұл біз үшін шынайы көмек. Барлық аналар мен балалардың атынан істеріңізге сәттілік тілейміз».

Көпбалалы ана Әсем Малибаева да өз пікірін білдірді: «Біз осындай қолдау үшін партияға алғыс білдіреміз! Қазіргі таңда мектеп формасы өте қымбат, сондықтан менің отбасым үшін бұл үлкен көмек. Атқарып жатқан істеріңізге рахмет!».

Атап өтерлік жайт, биыл коммунистер партияның 15 жылдығын салтанатты түрде тойлаудан бас тартты. Есесіне Қазақстан бойынша көмек көрсетілетін оқушылардың санын арттыру және осы акцияны іске асыру үшін партиялықтардың жеке қаражаттарын жинақтады. Биыл акция бір апта бойы өткізіледі.

69301797 2494876877235682 3955638645955756032 o69301797 2494876877235682 3955638645955756032 o69301797 2494876877235682 3955638645955756032 o69301797 2494876877235682 3955638645955756032 o69301797 2494876877235682 3955638645955756032 o69301797 2494876877235682 3955638645955756032 o69301797 2494876877235682 3955638645955756032 o69301797 2494876877235682 3955638645955756032 o69368372 2494880873901949 6566849504882982912 n69368372 2494880873901949 6566849504882982912 n

Please publish modules in offcanvas position.