Сейсенбі, 08 Қазан 2019 17:11

ПАРТИЯ ДАУЫСЫН ТЫҢДАҢЫЗДАР

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитеті «Партия дауысы» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – қала тұрғындарына Қазақстан Коммунистік халық партиясының Парламентте атқарған жұмыстарын жеткізу.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразхановтың айтуынша, қазақстандықтардың барлығы елдің саяси өмірін бақылап отырған жоқ. Көбінің БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды оқып отыруға уақыты жоқ.

– Біздің депутаттар Парламентте маңызды мәселелерді көтереді.

Алайда  көпшілік мұның бәрін біле бермейді. Сондықтан жиындарда, түрлі іс-шараларда депутаттарымыздың жұмысы туралы жиі сұрайды. Қарапайым азаматтарды депутаттардың қандай мәселелерді көтеріп, қандай шаруаларды шешіп жатқаны қызықтырады, – деді Н.Оразханов.

«Партия дауысы» акциясының тәрбиелік мәні бар шара екенін атап өткен жөн. Өйткені ҚКХП Жастар қанатының комсомол мүшелері қала тұрғындарына депутаттық сауалдардың мәтінін тапсырады.

– Бұл өте тиімді әдіс және кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Осыдан кейін ел азаматтары партия жұмысына қызығушылық таныта бастайды, партияның қоғамдық қабылдауларына жазылады, – дейді астаналық коммунистердің басшысы.

Коммунистер түрлі жиындар мен кәсіпорындарға барған кезде депутаттық сауалдарды таратады. Мәселен, Магеррам Магеррамовтың кітапханашылардың жұмысына арналған депутаттық сауалы кітапхана қызметкерлері арасында қызу талқыланды. Өйткені депутаттық сауалда көтерілген мәселелер кітапхана қызметкерлеріне жақсы таныс. Олар кітапханаға қатысты мәселелерді шешуге қадам жасаған депутатқа ризашылықтарын білдірді. Дәл осындай жағдайлар мұғалімдермен, медицина саласының өкілдерімен болған кездесулерде де қайталанды.

Жуырда «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі, ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровтың жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақыларды арттыру қажеттілігі туралы депутаттық сауалы көпшілік тарапынан жаппай қолдау тапты.

– Тұрғындар депутаттық сауалдарды оқып, қолдау көрсетеді, көтерілген мәселенің маңыздылығын айтады. Күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді көтеріп жүрген коммунистерге алғыс  білдіреді. Осылайша, біз әрбір тұрғынның сөзіне құлақ түреміз. Біздің депутаттар елдік мәселелерді көтеріп жүр. Мұндай мәселелер уақыт оздырмай шешілуге тиіс, – дейді Н.Оразханов.

AstGolosPart 3AstGolosPart 3AstGolosPart 3

Please publish modules in offcanvas position.