Дүйсенбі, 28 Қазан 2019 09:42

ҚАРЖЫ ЖИНАУМЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛЕ МЕ?

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру үшін ақша аударып отыр. Бірақ олар емделу үшін ақылы клиникаларға барады. ҚКХП Астана қалалық комитеті ұйымдастырған дөңгелек үстелде осы мәселе  талқыланды.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов атап өткендей, МӘМС жүйесі медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға арналған.

– МӘМС жүйесін енгізу денсаулық саласына қатысты мәселелерді қаншалықты шешетіні әзірге белгісіз. Үкімет өз беделіне нұқсан келтірмеу үшін МӘМС жүйесін енгізу мәселесіне өте жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені қателесуге болмайды, – деді ол.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қалалық филиалы директорының орынбасары Айнагүл Даулетчина жүйе туралы толығырақ айтып берді. Оның айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін қорда шамамен 221 млрд теңге жинақталған.

Демек бізде халықты емдеуге ақша бар. Ал оған кімдер емделетіні әзірге ашық күйінде қалып отыр. Медицина университетінің жалпы медицина факультетінің деканы Қайыргелді Махамбетовтың айтуынша, қазір медициналық оқу орындарының түлектері өз елімізде жұмыс істегісі келмейді. Олар білім алғаннан кейін шетелге кетуді жөн көреді. Себеп біреу-ақ – шетелде еңбекақы жоғары. Ал елдегі кадр тапшылығы жыл санап өсіп келеді.

Бұдан кейін сөз алғандардың баяндамасы да кілең проблемаларға арналды. Дөңгелек үстелге қатысушылар, партия белсенділері және қарапайым қала тұрғындары 90-жылдары ұйымдастырылған ескі ММСҚ туралы сөз қозғады. Оның жетекшісі Талапкер Иманбаев пациенттерден жиналған ақшамен шетелге қашып кеткен болатын. Сондай-ақ баяндамашылар мемлекет МӘМС арқылы халыққа медициналық қызмет көрсету мәселесін толықтай шешіп тастайтынын айтты. Емханаларда мамандарға кезекке тұрып, госпитализацияға қол жеткізу және уақытылы ота жүргізу мүмкін еместігін жеткізді. Әсіресе бұл проблема қатерлі ісікке шалдыққандар мен зейнеткерлер үшін өзекті болып отыр.

«Солнечный мир» қоғамдық қорының негізін қалаушы Мария Федорова дәрігерлер науқастың қарт адам екенін білген кезде көмекке келуден бас тартқанын көптеген мысалдармен дәлелдеп, айтып берді.

– Біздің елде ауыру былай тұрсын, қартаюдың өзі қауіпті. Зейнетке шыққан адамдар ешкімге керексіз болып қалады, – деді ол.

Сонымен қатар Федорова қазіргі кезде адамдар мемлекеттік емханаларға негізінен анықтама алу үшін баратынын және сенімді мамандарға ғана қаралуды жөн көретінін атап өтті.

– Адамдардың дені сақтандыру қорына ақша аударса да, емделуге келген кезде жеке емханаларға барады. Ақша жинау оңай ғой. Халықты тықсырсаң, бәрін бүгін-ақ төлейді. Бірақ қазіргі уақытта медициналық қызметтердің сапасы ең төменгі сатыда тұр! Бұл ақша жинағы жағдайды жақсарта ала ма, алмай ма ол бөлек әңгіме, – дейді ол.

Өкінішке қарай, шақырылған шенеуніктер МӘМС енгізілгеннен кейін Қазақстандағы қарапайым жандарды қандай өзгерістер күтіп отырғанына нақты жауап бере алмады. Клиникаларға қаржы бөлініп, жабдықтар сатып алынуда, мамандар дайындалуда... Ал халыққа көмек дәл қазір керек.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныс жасалды. Айта кету керек, мемлекеттік құрылым өкілдері оларға сындарлы жауап қайтарып, оларды өз жұмысында ескеруге уәде берді.

AstMedicine 4AstMedicine 4AstMedicine 4AstMedicine 4

Please publish modules in offcanvas position.