Жұма, 08 Қараша 2019 17:30

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ VII ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінде партия ұйымының кезекті VII пленумы өтті. Шара Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдығымен тұспа-тұс келді.

– Қазан революциясы шынымен де социалистік сипатта болды. Революция жеңісінен кейін әлемде алғашқы социалистік мемлекет КСРО құрылды. Бұл мемлекеттің адамдары теңдікке қол жеткізіп, тегін білім алуға, медициналық көмекке, мәдениет саласындағы жетістіктерге мүмкіндік алды, – деді қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов.

Пленум барысында коммунистер жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.

ҚКХП Астана қалалық комитеті қаланың қоғамдық өміріндегі партияның позицияларын нығайтуға көп күш салуда. Қалалық комитеттің ұйымдастыруымен 70-тен астам іс-шара, қоғадық тыңдау, талқылау, халықпен кездесу өткізілген. Сондай-ақ қалалық комитеттің кеңсесінде коммунистер Кубаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупомен кездесу ұйымдастырған.

Есептік кезеңде комитеттің қоғамдық қабылдауына 374 адам жүгінген. Олардың дені атаулы әлеуметтік көмек, алимент, арендалық баспана, балабақшаға кезек секілді мәселелерін шешуге өтініш білдірген. Сондай-ақ медициналық мекемелер мен микро қаржы ұйымдарына шағымданған.  

– Қалалық комитеттің заңгері аталған мәселелерді шешу үшін мемлекеттік мекемелерді аралап шықты. Сонымен қатар ол мемлекеттік органдарға хат жазып, тегін құқықтық кеңес берді, – деді Н.Оразханов.

Астаналық комитет қалалық, республикалық түрлі қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыс орнатты. Олардың қатарында «SpinaBifida», «Ерекше мерекелер», «Шуақты әлем», «Үнсіз әлем», «Тең мүмкіндіктер әлемі» және басқа да ұйымдар бар.

Қалалық комитет бірнеше рет ерекше балаларды әлеуметтендіруге арналған іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетті.

Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға құқықтық қолдау көрсету мақсатында ҚКХП Астана қалалық комитеті жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесу өткізеді. Атап айтқанда, Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, Тұрғын үй қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және «Елорда Даму» құрылыс компаниясының басшылығымен бірлесе жұмыс істейді.

– Сондай-ақ біз «Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығының ашылуына қатысып, олармен одан әрі ынтымақтастық орнату туралы келісімге келдік, – деді қалалық комитеттің бірінші хатшысы.

Елордалық коммунистер жастар жылының қорытындылары, қарттардың проблемалары, кедейлікпен күрес және медициналық көмектің сапасы секілді өзекті мәселелер бойынша қоғамдық тыңдауға ұйытқы болды.

– Біз ұйымдастырған дөңгелек үстелдердің нәтижелері бойынша «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының депутаттары депутаттық сауал жолдады, – деді Н.Оразханов.

Astana 7 7Astana 7 7Astana 7 7Astana 7 7Astana 7 7Astana 7 7Astana 7 7

Please publish modules in offcanvas position.