Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 10:26

ХАЛЫҚПЕН БІРГЕМІЗ

Оцените материал
(0 голосов)

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық Комитеті мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының  Х біріккен пленумы өтті.

Жиында жыл бойы атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды. Орталық комитеттің хатшысы, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров  биылғы жылдың ең ауқымды әрі маңызды шарасы Президент сайлауы болғанын және оған ҚКХП үміткері Жамбыл Ахметбековтың қатысқанын атап өтті.

– Біз осыған дейін өткен Президент сайлауы мен болашақта өтетін Парламент Мәжілісі сайлауы арасында сараптама жасалатынын білеміз.

Бізге қарапайым халықпен жұмыс істеуді күшейту керек. Ол үшін аймақтарды аралауды, сайлаушылармен кездесуді жиілетуге тиіспіз. Іс барысында антикоммунистік риторикаға қарсы аргумент қолдану қажет», – деді А. Қоңыров.

Күні бүгінге дейін ҚКХП облыстық және қалалық комитеттері дөңгелек үстел, акция, кездесу, конференция, қоғамдық талқылау сынды 1 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырып, кедейлік, медициналық қызмет сапасы, «Педагог мәртебесі», жастардың қоғамдағы рөлі деген тақырыптарды талқылады.

«Біз мектепке барамыз» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасыларға 5 мың мектеп формасы мен оқу құралдары тапсырылды. «Арыс, біз біргеміз!» акциясы арқылы 5 мың тонна азық-түлік пен киім-кешек және күнделікті тұрмысқа қажет заттар жиналып, көмекке зәру жандарға жолданды.

«Шапағат» халықтық жобасы шеңберінде «Ақниет» жобасы жүзеге асырылып, Рамазан айында көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік таратылды.

«Шебер ана» акциясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған қыз-келіншектер тегін экспресс-курстардан өтті. «Шапағат» жазғы лагерь жобасында жасөспірімдер еңбек пен демалысты ұштастырды. Олар кәсіби мамандардан түрлі өнерді меңгеріп, оны іс жүзінде қолданды.  

ҚКХП мүшелері Қоғамдық кеңес жұмыстарына белсене қатысады.

ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының депутаттары мезгіл мәселелерін қозғап, 70 депутаттық сауал жолдады.

– Партия еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін маңызды мәселелерді күн тәртібіне қойып келеді. Біздің бастамалар  қоғам тарапынна қолдау тауып отыр, – деді А.Қоңыров.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің коммунистері жалпы білім беру мекемелерінде «Ерлік сабақтары» дәрісін оқиды және 314- атқыштар дивизиясы туралы фильм көрсетеді.  

Бұл туралы ҚКХП ОК хатшысы, тарих ғылымдарының докторы

Дмитрий Легкий: «Біздің қарсыластар кеңес тарихын жоққа шығарып,  коммунистік идеологияға тыйым салғысы келеді. Коммунистер осындай шаралар арқылы ұлтшыл-либералдарға қарсылық танытуы керек», – деді.

ҚКХП келесі жылы тарихи даталарды атап өтуге басымдық беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде В.И. Лениннің – 150, Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының – 100, Ұлы Жеңістің – 75 жылдығы сынды атаулы даталарға ерекше назар аударылады.

Заңнамалық бастамаларға ұйытқы болуға, сайлауды байқаушылардың төл институтын дамытуға, үкіметтік емес ұйымдармен, білім беру мекемелерімен  тығыз қарым-қатынас орнатуға сонымен қатар партия мүшелерінің қатарын толықтыруға екпін түсіріледі.

– Біз халықтың назарын коммунистік идеалдарға қажырлы әрі тынымсыз еңбек арқылы ғана аудара аламыз. Адамдарға біздің саяси алаңымызда өздерінің қабілет-қарымын көрсетуге мүмкіндік беру қажет, – деп қорытты жиынды А. Қоңыров.

160160160160160160

Please publish modules in offcanvas position.