Дүйсенбі, 18 Қараша 2019 10:53

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАЙТСЕ ДАМИДЫ?

Оцените материал
(0 голосов)

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында ҚКХП Астана қалалық комитетінің коммунистері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов студенттерді компартияның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Дәлірек айтсақ «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының депутаттары соңғы бір жылда аграрлық сектордағы жағдайды жақсартуға бағытталған 7 депутаттық сауал жолдаған екен.

– ҚКХП бірнеше рет ауыл шаруашылығын жандандыру және ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру туралы мәселе көтерді. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасын жаңа сапалық деңгейге көтеретін локомотив бола алады, – деді Н.Оразханов.

Кездесудің құрметті қонағы ветеринария ғылымдарының кандидаты, қалалық комитеттің ардагері Николай Батюта болды. Ол ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесін студенттермен бөлісті. Целиноград облысы аумағында тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысу және ветеринар ретінде жұмыс кезіндегі қиыншылықтар туралы айтып берді.

– Қазір ауыл шаруашылығына қатысты көптеген проблемалар үкімет үшін де, шенеуніктер үшін де маңызды емес. Өкінішке қарай, соңғы 20 жыл ішінде бірде-бір тиімді шешім қабылданған жоқ, – деді ардагер.

Қалалық комитеттің екінші хатшысы Нұрболат Төреқожин студенттерге «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының ерекшеліктері туралы баяндады. Н.Төреқожинға бұл бағдарлама жақсы таныс. Ол аталған бағдарлама аясында жас маман ретінде ауылда еңбекке араласқан. Коммунист студенттерге аграрлық секторды дамытуға қатысудың ешқандай қиындығы жоқ екенін айтты.

ҚКХП Астана қалалық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы Ислам Сұңқар жастарды елдің қоғамдық-саяси өмірінен тыс қалмауға шақырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша студенттердің білім сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

Көптеген студенттер өз университеттерінде оқытылатын білім мен технология дамыған елдерде қолданылатын заманауи технологиялардан едәуір артта қалғанын тілге тиек етіп, жағдайды түзеу қажет екенін алға тартты.

Жастардың пікірінше, қазақстандық жоғары оқу орындары ауыл шаруашылығы өндірісі мен шаруа қожалықтары арасында тығыз байланыс орнатуы керек. Сонда университеттер өз түлектерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік алады. Ал фермерлер кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешеді.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

AstSelhoz 6AstSelhoz 6AstSelhoz 6AstSelhoz 6AstSelhoz 6AstSelhoz 6

Please publish modules in offcanvas position.