Жұма, 06 Қыркүйек 2019 14:17

Халық коммунистерге сенеді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінде коммунистердің болашаққа құрған стратегиялық жоспары пысықталды.

Қалалық комитетте өткен жиында коммунистердің болашаққа құрған стратегиялық жоспары пысықталды.

Басқосу барысында саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған жолдауы   талқыланды.

- Коммунистік партия ел аумағында әлеуметтік әділдік орнатуға және  заң талаптарының сақталуына ықпал етеді, - деді жиында ҚКХП өкілдері.  

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов  «Халық  коммунистері» қарапайым халықтың мүддесін қорғауға басымдық беретінін айтты.  

- Парламенттік фракцияның депутаттары өздерінің сауалдарында көпбалалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың және еңбек ұжымдарының мәселелерін тұрақты көтереді. Білім, денсаулық салаларындағы түйткілдерді тарқатуға бастамашы болады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет. Бізге идеямызды насихаттауға күш жұмсау керек. Ел өз коммунистерін білуге тиіс, - деді Нұрдәулет Оразханов.

Жиында партия белсендісі Дүйсенбай Сапанов пікір білдірді.

-  Коммунистік партия – нағыз халықшыл партия. Бұл партия теңдік пен әділдікті қолдайды. Бұл – халық үшін жұмыс істейтін партия, - деді партия белсендісі.

Алдағы сайлауға Қазақстандағы саяси партиялар қазірден бастап әзірленіп жатыр. «Халық коммунистері» қоғамдық қабылдаудың аясын кеңейтіп, халықпен тікелей жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда жалғызбасты аналарды қорғау, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, құқығы бұзылған адамдарға тегін заңдық кеңес беру сынды игі істер жүзеге асырылуда.

- Халық бізге сенеді, біз халықтың сенімін ақтауға тиіспіз! – деп қорытты жиынды Нұрдәулет Оразханов.

AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20AstSept06 20

Please publish modules in offcanvas position.