Сәрсенбі, 12 Ақпан 2020 17:05

ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ЕР

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінде Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған шара өтті.

Екінші хатшы Нұрболат Төреқожин Дінмұхамед Қонаевтың республиканы басқарған жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы баяндама жасады.

– Ол ел басқарған уақытта республиканың даму бағдарламасы өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және қарқынды құрылысты қалыптастыруға бағытталды, – деді екінші хатшы.

Өкінішке қарай, сол уақытта шешімін тапқан мәселелер қазір өзекті мәселеге айналды.

Нұрболат Төреқожин «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыровтың отандық білім беру мен кадр дайындаудың кемшіліктері мен олқылықтарына арналған депутаттық сауалын мысал ретінде келтірді.

Жиында ҚКХП ОК хатшысының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Ислам Сұңқар баяндама жасады. Ол Дінмұхамед Қонаев жазған кітаптарға басымдық берді. Мемуарда әйгілі жерлесіміздің өмірі және еңбек жолы айрықша көрініс тапқан. Ислам Сұңқардың пікірінше, Дінмұхамед Қонаевтың тәжірибесін қазіргі жастар да қолдана алады.

Шара қонақтары Дінмұхамед Қонаев туралы деректі фильм тамашалап, ой-пікірлерімен бөлісті. Ал Ардагерлер кеңесінің өкілдері даңқты тұлға туралы естелік айтты.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

AstKunayev 3AstKunayev 3AstKunayev 3

Please publish modules in offcanvas position.