Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 10:30

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Оцените материал
(2 голосов)

Қазақстан Коммунистік жастар одағы ҚКХП Астана қалалық комитетімен бірлесіп, гуманитарлық колледж студенттері арасында Сталинград шайқасындағы жеңіске 77 жыл деген тақырыпта интеллектуалдық жарыс ұйымдастырды

– Мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Өскелең ұрпақ өткен тарихты білуі тиіс, – деді коммунистер.

Жарыстың алдында қатысушыларға «Сталинград шайқасындағы қазақстандықтар» деген фильм көрсетілді. Осыдан соң

колледж студенттері «Рухани жаңғыру» және «Достық» деген топ құрып, білім бәсекесінде бақ сынады. Бұл жерде студенттердің тарихи білімі сарапқа салынды.

Бірінші раундта әр топтың спикері Сталинград шайқасындағы жеңістің Ұлы Оан соғысындағы маңызы туралы пікір білдірді. Кімнің сөзі мен ойы ұтымды болғанын көрермендер анықтады. Екінші айналымда қатысушылар тарихи деректерге негізделген сұрақтарға жауап берді. Жарыстың соңғы кезеңінде әр топтың көшбасшылары шешендік өнерін паш етті. Қорытындысында бір ұпай айырмашылығымен «Достық» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға партия атынан естелік сыйлық табыс етілді.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

IstorViktorinaKSMK 4IstorViktorinaKSMK 4IstorViktorinaKSMK 4IstorViktorinaKSMK 4

Please publish modules in offcanvas position.