Жексенбі, 23 Желтоқсан 2018 10:27

«Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу және болашақ»

Оцените материал
(0 голосов)

Жуырда Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған "Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу және болашақ" атты дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға Атырау облысы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының өкілдері, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мекемелері мен мемлекеттік мұражайларының басшылары, облысымыздың белгілі тарихшы ғалымдары, Атырау қаласы жастар ресурстар орталығының және облыс әкімі аппараты жанындағы "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында осыған дейін атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен Атырау облысындағы тарихи-мәдени мұралар төңірегіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы қазақ және әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Онда ежелгі дәуірден бастап (археология ескерткіштері) қазіргі уақытқа дейінгі адам мәдениеті дамуының барлық кезеңдері көрсетілген. Кездесу барысында: - Дөңгелек үстелге қатысушылар Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру туралы өз ойларын жеткізді деп санаймын, - деді ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев.

AtirKrugStolDec 8AtirKrugStolDec 8AtirKrugStolDec 8AtirKrugStolDec 8AtirKrugStolDec 8AtirKrugStolDec 8AtirKrugStolDec 8AtirKrugStolDec 8

Please publish modules in offcanvas position.