Жұма, 28 Желтоқсан 2018 12:19

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығы

Оцените материал
(0 голосов)

2017 жылы Президент кезекті Төртінші өнеркәсіптік революция басталғанын атап өтті. Әлем терең және қарқынды өзгерістер дәуіріне кірді. Технологиялар неғұрлым күрделі және ауқымды міндеттерді шешуге көмектесіп, еңбек өнімділігі мен тауарлардың сапасы артады.

Қазақстан инновациялар мен цифрлық технологияларға бағытталған жаңа формациялық мемлекет құруда елеулі табыстарға қол жеткізді және алдағы жылы бұл тренд жалғастырылатын болады.

2018 жылғы Жолдауда адам ресурсын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Адами капитал маңыздылығы сақталып отырған бәсекелестік артықшылықтардың бірі, инновациялар мен жоғары технологияларды дамыту мен енгізудің қозғаушы күші болып табылады. Еңбек нарығы, жоғары технологиялық салалар жаңа білікті кадрларды талап етеді. Бұл жағдайда кадрларды даярлау тәсілін өзгерту қажет. Жоғары оқу орындары ең озық білім мен үздік тәжірибе орталығына айналып, тек дипломдар беріп қана қоймай, нақты жұмыс істейтін немесе ғылыми қызметпен айналысатын мамандарды даярлауы тиіс.

Осыған орай 2018 жылдың 26 желтоқсанында Атырау облыстық комитеті "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығы" атты  дөңгелек үстел ұйымдастды.

- Бүгінгі дөңгелек үстел  4-ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы әлемдік еңбек нарығының қарқынды өзгерістері контекстінде Қазақстандағы жұмыспен қамту мен әлеуметтік саланың даму перспективаларын талқылау бойынша тақырыптық алаң, - деді ҚКХП Атырау областық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев. Аталған дөңгелек үстелге облыстық және қалалық жұмыспен қамту және білім бөлімдерінің жауапты мамандары мен басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында осыған дейін атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен Атырау облысындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ел экономикасына өзін-өзі жұмыспен қамтыған және бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды тарту мен формализациялау жұмыстары Президент тапсырмалары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Ресми статистикаға сәйкес, 2017 жылы Қазақстанда еңбек күшін 9 млн астам адам құрады. 2010 жылмен салыстырғанда жұмыс күшінің саны шамамен 417 мың адамға немесе шамамен 5%-ке артқан. Жұмыспен қамтылған халық саны 8,5 млн адамға дейін 471 мың адамға ұлғайды.

Жалпы 2010 жылдан бастап жалдамалы жұмысшылар саны 20%-ке артты, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны, керісінше, 22%-ке төмендеді.

AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12AtirKrugStol 12

Please publish modules in offcanvas position.