Дүйсенбі, 21 Қаңтар 2019 09:44

Атыраулық коммунистер Д.А. Қонаевтың 107 жылдығына арналған семинар өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 17 қаңтарында ҚКХП Атырау облыстық комитеті Атырау энергетика және құрылыс колледжінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 107 жылдығына арналған семинар өткізді. Семинар Дінмұхамед Ахметұлының өмірі мен қызметіне арналды.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Ғ. Дәулетқазиев:

- Дінмұхамед Қонаев Қазақстан ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы болған, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған, - деп, оның өмірі мен қызметіне тоқталды. 

 Құрылыс факультетінің екінші курс студенті Еркебұлан Аминов Д.А. Қонаевтың еңбегі туралы айтып берді:

- Дінмұхамед Қонаевтың басқарған кезін ұлттық өнер мен әдебиеттің алтын кезеңі деп атауға болады.  Ол Мұхтар Әуезовпен дос болған, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлына үлкен құрметпен қараған.  Сол кездері «Мәдениет және тұрмыс», «Білім және еңбек», «Жалын»   басылымдары жарық көрген. Алғаш рет республикалық телеарна қазақ тілінде бағдарламалар шығарған. Қазақ радиосының қазақ эфирінің сағаты көбейген. Әуезов атындағы қазақ драма театры ашылған. 

Партия белсенділері мен еңбек ардагерлері Ғарифолла Шангереев, Самат Салиев, Максим Хасанов пен Кариполла Наурзалы да Д.Қонаевтың өмірбаяны туралы тілге тиек етіп, өз естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар жиналғандарға деректі фильмнен үзінділер көрсетілді.

AtirKunayev 9AtirKunayev 9AtirKunayev 9AtirKunayev 9AtirKunayev 9AtirKunayev 9AtirKunayev 9AtirKunayev 9AtirKunayev 9

Please publish modules in offcanvas position.